23 қазан күні Алға аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында аурухана қызметкерлері ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деген Қазақстан халқына кезекті Жолдауын аурухана қызметкерлері талқылап, өз ойларын ортаға салды.

       

Аудандық аурухана медицина қызметкерлері біздің міндетіміз- тұрғындарға көрсетілетін  алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету, әрбір медицина қызметкері өз орнында дұрыс, сапалы жұмыс жасап, өз жұмысын жақсы білетін білімді, мәдениетті болуы. Сонда ғана өз міндетіміз- алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін жақсартып,  жұмысымызда жақсы көрсеткіштерге жетеміз. Егер жұмысымыз жақсы, тұрғындар біздің жұмысымызға риза болса – жұмысымызға деген көңіліміз толып, өміріміз де жақсарады. 

       

2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап  алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдері енгізіліп, өз учаскесінде сапалы жұмыс жасаған  учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға дейін көбейту қарастырылған. Сондықтан, әрбір учаскелік медицина қызметкерлері өз жұмыс орындарын құрметтеп, учаскесіндегі әрбір адаммен   жұмыс жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ұйымшыл болуы керек.

       

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшеді. Тұрғындар арасында ДАМУ МЕД мобильді қосымшасын жүктеуді түсіндіріп,  2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттары жасалады. Бұл дегеніміз  кезектерді, бюрократияны жойып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

       

2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастайды. Онкологиялық аурулардың алдын алып, емдеу-сауықтыру шаралары жақсарады.     

     

Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты. Қазіргі заманда әрбір адам өз жұмыс орнын бағалап, маман иесі болып, еңбек етіп отырғанының өзі  бақыт екенін түсініп, сезінуі керектігі туралы айтылып, қорытындыланды.