5 мамыр күні Алға орталық аудандық аурухананың медицина қызмектерлері Алға ауданы Ақай елді мекенінде Ақай орта мектебінің мұғалімдері мен қызметкерлері, жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы семинар өткізді.


Семинарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидаттары,  медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар мен жарналарды төлеушілердің міндеттері,  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің  қаржыландыру көздері, қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен  кімдер жарналар төлеуден босатылатындығы бейнеайналма арқылы түсіндірді. Медициналық сақтандырудың бар екендігін қалай анықтауға болады, өз ісімен айналысатын және жұмыссыз азаматтар МӘМС жүйесіне қалай мүшелік ете алатындығы жөніндегі ақпараттармен таныстырып, бейнеайналма көрсетілді.


Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған, түсінбеген  сұрақтарына толық жауап алды.