Жаңалықтар

30 қазан күні аудандық аурухананың мәжіліс залында ауданның медицина қызметкерлері арасында жұқпалы аурулардан  алдын ала сақтандыру (оба, тырысқақ)  жөнінде семинар өтті.

23 қазан күні Алға аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында аурухана қызметкерлері ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деген Қазақстан халқына кезекті Жолдауын аурухана қызметкерлері талқылап, өз ойларын ортаға салды.

5 мамыр күні Алға орталық аудандық аурухананың медицина қызмектерлері Алға ауданы Ақай елді мекенінде Ақай орта мектебінің мұғалімдері мен қызметкерлері, жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы семинар өткізді.

Мамыр айының 4 күні  аудандық аурухананың дәрігерлері 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізілетін шаралардың бірі - мектеп оқушылары арасында профилактикалық медициналық тексеру жүргізу үшін Алға ауданы Қайнар елді мекеніндегі Тоқмансай орта мектебі мен Тоқмансай негізгі мектеп оқушыларын профилактикалық медициналық  тексерулерден өткізді.

3 мамыр күні Алға  аудандық аурухананың медицина қызметкерлері Есет батыр атындағы мектептің оқушылары арасында «Жат әдеттен сақтан» деген тақырыпта  семинар-тренинг өткізді.

3 мамыр күні аудандық аурухананың дәрігерлері Алға ауданы Бесқоспа елді мекенінде мектеп оқушылары арасында профилактикалық медициналық тексеру жүргізу үшін Есет батыр атындағы мектеп бақша мен Бесқоспа орта мектебінің оқушыларын профилактикалық тексерулерден өткізді.